Шахмат адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс- әрекеттің бір түрі. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндерге көп септігін тигізеді. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Әлемге әйгілі шахматшы А. Алехин былай деп жазды: «шахмат тек білім мен логика ғана емес, сонымен қатар терең қиял. Шахмат арқылы мен өзімнің мінезімді тәрбиеледім, шахмат тек өмір моделі ғана емес, сонымен қатар шығармашылық моделі. Шахмат, ең алдымен, объективті болуға үйретеді.