Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі::
-көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуіне;;
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы "балалар шығармашылық үйі" МКҚК 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" - 280;
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау" - 0
2019 жылы Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы "балалар шығармашылық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 280 тәрбиеленуші үйірмелермен айналысады.