Текст
Ашық сабақ
17 мамыр күні «Robot X» үйірмесінде ашық сабақ өтті. Онда мұғалім біліктілікті арттыру курстарында алған білімдерімен бөлісті. Сабақтың тақырыбы: «Tinkercad бағдарламасымен танысу. Жобаны құру». Tinkercad-3D редакторы, ол өте қарапайым және сонымен бірге күрделі пішіндер жасауға мүмкіндік береді. Оны компьютерге орнатудың қажеті жоқ-ол браузерде жұмыс істейді. Сайтқа тіркеліп бірден модельдеу жобаларын бастай аласыз. Бұл сабақта балалар өздерінің модельдеу жобаларын үлкен қызығушылықпен жасады. Үйірме жетекшісі Сексембаева Гульбану Балабековна.