Текст
Мұғалімдер күніне арналған марапаттау.
28 қыркүйек күні аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл салтанатты іс-шараға білім саласының қызметкерлері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Іс-шара барысында Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасыры Мусина Галия Сабыровна Ақмола облыстық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен марапатталды.