Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне
арналған өңірлік Форумы
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында «Воlashagѕагаіу» сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Өзгерістер толқынында» өңірлік форумы өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық Департаментінің басшысы А. Рахимов, Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіпов, сот және қадағалау органдарының басшылары, қоғам, саяси партиялар, бизнес – құрылымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум жұмысы барысында спикерлер қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды дәріптеудің, өскелең ұрпақ арасында парасаттылық пен құқықтық сананы қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аумақтық Департаментінің басшысы А.Рахимов «Парасатты отбасы» үздік эссесіне облыстық байқаудың 12 жеңімпазын дипломдармен және сертификаттармен марапаттады.
Біздің орталықтан ІІІ дәрежелі дипломмен үздік эссе байқауына қатысқан Файрузова Жанна марапатталды. Жетекшісі Исаева Бану Жумабаевна.
Жарайсыздар, жеңістеріңіз құтты болсын! Өмір бойы жеңімпаз болуды тілейміз!