Тұңғыш Президент күні
Еліміз үшін айрықша мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнінің орны бөлек. 1991 жылы бірінші желтоқсанда тарихымызда алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Осы мерекеге орай біздің орталықта іс-шаралар өткізілді. Балалар Тұңғыш Президент күніне арнап суреттер салып, құттықтау сөздерін айтты.