"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы Державин қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунально-казённое предприятие "Центра детско-юношеского творчества города Державинск при отделе образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұражайға саяхат

10.01.2025

«Қазақ тілі» үйірмесінің тәрбиеленушілері жетекшісі Абжанова Ж.А.-ның басшылығымен Жарқайың ауданының тарихи мұражайына барып қайтты. Бұл шара қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай ұйымдастырылды. 

 

Экскурсия жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру үшін дайындалған көрмеден басталды. Балалар Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі мен оның «Көшпенділер» трилогиясы арқылы халқымыздың тарихи кезеңдерін қалай бейнелегені туралы мағлұмат алды. Жазушының шығармалары қазақ халқының мәдениеті мен рухын ұлықтауға арналған ерекше туындылар екені атап өтілді.

 

Содан кейін оқушылар мұражайдың басқа бөлімдеріне саяхат жасады. Мұнда олар Қазақ хандығынан бастап тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи кезеңдермен танысты. Балалардың ерекше назарын қазақ халқының тұрмыстық заттары, ұлттық киімдері, музыкалық аспаптары мен дәстүрлі әшекейлері аударды.

 

Сондай-ақ, балалар ескі ақшалар коллекциясына қызығушылықпен қарады. Мұнда Кеңес дәуіріндегі тиындардан бастап қазіргі заманғы шетел валюталарына дейін түрлі ақшалар ұсынылды. Одан бөлек, қазақтардың тұрмыста қолданған құрал-жабдықтары мен көне антикварлық бұйымдар балалардың ерекше ықыласын тудырды.

 

Бұл экскурсия тәрбиеленушілерге жарқын әсер қалдырып, олардың туған өлке тарихы мен мәдениеті туралы білімін тереңдете түсті. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың өз мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи санасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 1138

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст